Шыңғысханның ұрпағы 16 млн. адам

АЛМАТЫ. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда  Меломан сауда орталығында Дүниежүзілік Шыңғысхан академиясының академигі  Ғизат Табылдиннің "XIII-ХХІ ғасыр аралығындағы Шыңғыс ұрпақтарының  генеалогиясы" («Всемирная генеалогия Чингизидов с 13 по 21 в.в.») атты кітабының тұсауы кесілді.
None
None

Аталмыш кітап  «Шыңғыс хан ұрпақтары - әулеттер және дәуірлер» деген атпен  шыққан әлемдік көлемдегі  Шыңғыс ұрпақтарының  генеалогиясы зерттеуінің жалғасы болып табылады. Ол ғылыми еңбек 2010 жылы жарық көрді. Кітапта Ұлы қолбасшы Шыңғысханның бүгінгіге дейінгі ұрпағының шежіресі ұсынылған.  Ғылыми-зерттеу Шыңғысхан ұрпағын тауып, оның сол ұрпаққа жататынын, жатпайтынын анықтап, отбасылық байланыстың сызба-кестесін жасаған. Зерттеуде шығыстанушылардың, моңғол зерттеушілерінің еңбектері, сондай-ақ,  170-тен аса (араб, парсы, қытай, монғол, еуропа) мұрағаттық және басқа да дереккөздер қолданылған.

"Бұл менің 10 жылдан аса уақыттан бергі зерттеуімнің жемісі, алғашқы үлкен еңбегімнің жалғасы. Бұл кітапқа тұңғыш рет Қазан, Астрахан, Моңғолия, Петербор, Мәскеуден алынған зерттеулер қосылды. Зерттеудің көлемі 800 жылды құрайды, алғашқы кітапқа 5 мың Шыңғысхан ұрпағы кірсе, бұл кітапқа 10 мыңнан астам адам кірді.  Ең басты мақсатымыз  Шыңғысхан ұрпағының шежіресін жасау болғандықтан, біз тек сол кестені жасадық. Одан өзге кітапқа алғаш рет альфавиттік көрсеткіш, хронологиялық кесте және кітапқа қатысты барлық пікірлер, оның ішінде шетелдік сарапшылардың ой-пікірлері еніп отыр", - деді кітаптың авторы Ғизат Табылдин.

Оның айтуынша, Шыңғыс ұрпақтарының  ДНК зерттеулерімен Спенсер Веллостың (АҚШ) ғылыми тобы айналысқан. "Бір қызығы, зерттеу барысында біз жіберген қазақ шыңғыстықтардың генетикалық материалдары біздің мұрағаттық және басқа да дереккөздердің іздеу нәтижесімен дәлме-дәл келді", -дейді ғалым. 

Оның айтуынша, Шыңғыс ұрпақтарының Y-хромосома  генетикалық коды Азияның 16 халқында кездеседі, әлем бойынша бұл генетикалық із 0,5 пайыз ер адамдарда анықталған.

Ал статистикалық мәліметке сүйенсек, әлемде 16 миллион адам Шыңғысханның ұрпағы болып табылады.

"Жас ұрапаққа, егеменді дәуірдегі халқымызға  ел тарихын қалай білу керек, қалай игеру керек, қандай қырлары мен сырлары болды деген сұраққа жауап беретін бұл монографиялық кітап бүгінгі ұрпаққа қажет деп санаймын. Таза ғылыми салада мұндай еңбектерді шығару өте қиын. Бұл кітап тек қазақстандық ғалымдарды ғане емес, Орталық Азия, Батыс және Шығыс Еуропа халықтарында да қызығушылық тудыратыны сөзсіз. Бұл ғылыми еңбектің, ондағы генеалогиялық кестенің әлемде баламасы жоқ. Бұған дейін мұндай зерттеулер болмаған. Кітап осынысымен де құнды", - деді ғалым, антрополог, академик  Оразақ Смағұл тұсаукесер барысында. 

Кітап тарихшы мамандарға, генетиктерге және осы тақырыпқа қызығушылық білдіруші барлық көпшілік оқырман қауымға арналған.

Соңғы жаңалықтар