Шыныдан жасалған, 180 метр биіктіктегі көпірден өтпек болған туристердің зәре-құты қалған жоқ (ФОТО, ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда 180 метр биіктікте орналасқан шыныдан жасалған көпірден өтуге бел буған алғашқы туристердің зәре-құты қалған жоқ.
None
None

Бұлай болуға негіз де жоқ емес. Өйткені, Хунань провинциясы аумағындағы Будда тауының екі шыңын жалғастыратын 30 метрлік аспалы көпір тұтастай шыныдан жасалған.

Айта кетер жайт, бұрын бұл көпір ағаштан тұрғызылған болатын. 2014 жылы оның біраз бөлігі шыныға ауыстырылды. Ал соңғы бірнеше ай бойы тынбастан істелген жұмыстың арқасында әлемдегі түбі шыныдан жасалған алғашқы көпір болып шыға келді.

Суреттерден де алғашқы туристердің қорқыныштан тіпті аяқтарын баса алмай қалғандығы және оларды сүйрелеуге тура келгендігі көрініп-ақ тұр.

Соңғы жаңалықтар