«Шынжаң қазақ мәдениет ғылыми қоғамының» арнаулы топтары құрылды

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Ризабек Нүсіпбекұлы/ - Жақында «Шынжаң қазақ мәдениет ғылыми қоғамының» 2 кезекті бас қосу мәжілісі өтті. Онда аталған қоғамның арнаулы кәсіптік топтары құрылып, басшылары сайланды,

«Шынжаң қазақ мәдениет ғылыми қоғамының» арнаулы топтары құрылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың «Тәңіртау» сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліске «Шынжаң қазақ мадениет ғылыми қоғамының» төрағалары Арып Зұрғанбекұлы, Қабден Қадырұлы қатарлы ел ағалары қатысты.

Мәжіліс талқысынан кейін қазақ ұлтының салт-сана, көркемөнер, қолөнер, азық-түлік, дене тәрбиесі және шипагерлік, аударма, киім-кешек, үгіт қызыметі сияқты кәсіптерді дамытатын арнаулы топтары бұдан кейін «Шынжаң қазақ мәдениет ғылыми қоғамының» қызметіне толық сәйкесіп, кәсіп түрлері бойынша жауапкершілікпен жұмыс жүргізіп, қазақтың мәдени мұраларын ашу, зерттеу, дамыту жақтарында құлшыныс жасап, ұлтымыздың мәдениетін өзге ұлттарға танытуға, мемлекеттік, халықаралық деңгейде насихаттауға атсалысады.