Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесінде Үрімжідегі терактқа қатысы бар деген күдікпен 29 адам ұсталды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Үрімжідегі терактқа қатысы бар деген күдікпен 29 адам ұсталды. Оларға сепаратизм, кемсітушілікке жол беріп, этносаралық қақтығысты тудырды деген айып тағылды.
None
None

Еске сала кетейік, 22 мамырда Үрімжі қаласындағы базарлардың бірінде болған теракт салдарынан 39 адам қаза тауып, 94 азамат жарақат алды. Осыған дейін, 30 сәуірде Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесінде теміржол вокзалында жарылыс пен пышақ салу салдарынан 3 адам көз жұмды, 79 адам жарақат алды.

Шыңжаңдағы бірқатар лаңкестік оқиғаларынан кейін Қытай билік өкілдері 23 мамырда Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесінде террористік операцияға қарсы режім енгізген. Ол бір жылға дейін созылады.

Өткен жылдың қазан айында Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында 3 лаңкестің туристер шоғырланған жерге көлікпен басып кіріп, жарып жібергеннен кейін Шыңжаңдағы теракттар жиілеп кеткен еді. Оның салдырынан 3 террорист пен 2 турист көз жұмған еді.

Сондай-ақ, 2014 жылы наурызда Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясының Куньмин қаласының сапаржайында болған оқиғаны атап кетуге болады. Ол кездегі пышақпен жасалған шабуылдан 29 жергілікті тұрғын ажал құшып, 140-тан астамы жарақаттанды.

Соңғы жаңалықтар