Шыңжаңда 12 террорист өлім жазасына кесілді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің 6 қаласы мен округтерінің бірінші инстанциядағы соттары бейсенбі күні лаңкестікке қатысы бар деп 81 адамды айыптады, деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.
None
None

«81 адам террорлық ұйымдарды ұйымдастырып, басқарды, қастандықпен кісі өлтірді деген 81 адамға қатысты жаза тағайындалды», - делінген ШҰАӨ халықтық сотының таратқан хабарламасында.

Айыпталушылардың тоғызы өлім жазасына кесілді, тағы үш адам мерзімі ұзартылып, екі жылдан кейін өлім жазасына кесілетін болды.

Осыған дейін полицияның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде мамырдың 22-інде лаңкестік қызмет пен діни экстремизмге қатысы бар деген 200-ден астам күдіктіні ұстаған болатын. Бұл топтар Хотан, Қашғар мен Ақсуда анықталған. Жүргізілген арнайы шаралар барысында полиция қызметкерлері 1,8 тоннаға жуық жарылғыш затты тәркіледі.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, Шыңжаңдағы террорлық топтардың саны 2010 жылдан бастап біраз көбейген. Былтыр олардың саны 200-ге жеткен. ҚХР билігі мамыр айында терроризмге қарсы күреске шақырып, антитеррорлық шараны бір жыл жүргізетін болды.

Соңғы жаңалықтар