Шыңжаңда 3 балл қуатымен жер сілкінді

БЕЙЖІҢ. 3 ақпан. ҚазАқпарат - Сенбі, 2 ақпан күні ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі, Қызылсу-Қырғыз автономды облысының Улугчат уезінде 3,0 балл қуатымен жер сілкінді, деп хабарлайды Қытай сейсмологиялық орталығы.

Шыңжаңда 3 балл қуатымен жер сілкінді

Жерасты дүмпулері 2 ақпан күні бейжің уақытымен сағат 12:13-те, 6 шақырым тереңдікте тіркелді. Қираулар, құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі, Қызылсу-Қырғыз автономды облысының Улугчат уезі Шыңжаңның әкімшілік орталығы - Үрімшіден 1500 шақырым жерде, таулы жерлерде Тянь-Шань, Памир және Куньшань тарамдарында орналасқан.

Солтүстікте Қырғызстанмен шекараласады.