Шыңжанда 5 балдық магнитудалы жер сілкінісі болды
ХАНОЙ. 17 қазан. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - ҚХР ШҰАА Боротала-Моңғол автономиялық ауданындағы Цзинхэ уездінде 5 балдық магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлады Қытайдың сейсмологиялық орталығы.
Жерасты дүмпулері жексенбі, 16 қазанда жергілікті уақыт бойынша 21.44. сағатта тіркелді. Оның ошағы 4 шақырым тереңдікте орналасты.
Қаза тапқандар мен қиратындылар туралы ақпарат жоқ.