Шыңжаңда 71 жастағы азамат 114-ке келген сүйіктісіне үйленді
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі Қашқар қаласында ерекше той өтіп, қытайлық БАҚ-тың назарына ие болды, деп хабарлайды Бейжіңдегі ҚазАқпарат тілшісі.
«9 қазан күні 71 жастағы қытайлық 114-тің төріне шыққан әжейге үйленді. Жас жұбайлар бір жыл бұрын қарттар үйінде танысқан. Рәсім куәгерлері ретінде олардың достары - 70-тен асқан қарт пен 80-нен асқан әжей қатысты», - деп хабарланды Weibo әлеуметтік желісінде.
Чжэн есімді күйеу жігіттің айтуынша, ол таңдаған Чжан Шуин өзіне шын көңілмен қамқорлық танытқан бірінші адам болыпты. Ерекше неке қию туралы жаңалық қытайлық әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.