Шыңжаңда екі адам коронавирус жұқтырды
Вирус жұқтырғандар — 47 және 52 жастағы екі ер адам. Қазіргі уақытта науқастар ауруханада жатыр.
Олармен үш адам тығыз байланыста болған. Қазір дәрігерлер сол адамдардың денсаулығын бақылап отыр.
23 қаңтар күнгі мәлімет бойынша, Қытайда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 571 жағдайы тіркелген, олардың 444-і — Хубэй провинциясында. Көз жұмған 17 адам осы ауданнан.
Бүгінде коронавирустың жаңа түрін жұқтыру оқиғалары Тибет автономиялық аймағын және көршілес Цинхай провинциясын қоспағанда, ҚХР-дың барлық әкімшілік-аумақтық бірліктерінде тіркелген.
ҚХР СІМ Уханда шетелдік азаматтардың болуына байланысты жағдайға түсініктеме беріп, бейсенбіде тұрғындардың аталған қаладан кетуіне уақытша тыйым салғаны туралы хабарлап, бұл мәселе жергілікті биліктің құзыретінде екенін айтты.
Сонымен қатар, СІМ-нің ресми өкілі Гэн Шуанг «Қытай тарабы елдегі шетелдіктердің заңды құқықтарын қамтамасыз ететінін» хабарлады.
Автор:
Руслан Сулейменов