Шыңжанда электромобиль жарылысынан жеті адам қаза тапты

ҮРІМЖІ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Шыңжанда үш дөңгелекті электромобильдің жарылу салдарынан жеті адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды. Бұл туралы бейсенбі, тамыздың 19-ы күні Үрімжіде өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚХР, Шыңжан-Ұйғыр автономды ауданы үкіметі баспасөз кеңсесінің жетекшісі Хоу Ханьмин мәлім етті.
None
None

Тасымалдау құралының жарылысы бейсенбі күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 10.30-да ҚХР-дың Шыңжан-Ұйғыр автономды ауданының Ақсу қаласында орын алған. Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, бір адам қолға түсті, қазіргі таңда оқиғаның анық-қанығы анықталу үсітінде.

Соңғы жаңалықтар