Шыңжаңда құс тұмауынан 1 адам көз жұмды

БЕЙЖІҢ. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - ҚХР-дағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағының орталығы – Үрімші қаласының денсаулық сақтау басқармасы жергілікті госпитальдардың бірінде құс тұмауын жұқтырған бір адамның мерт болғанын мәлімдеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 31 жастағы әйел қаңтардың 10-ында өзін жайсыз сезініп, кейін денсаулығы нашарлауы нәтижесінде госпитальға жатқызылған. Сырқат қаңтардың 23-інде қаза болды. Сынама нәтижелері оның құс тұмауына ұшырағанын қуаттады. Тексеру әйелдің құс базарына жиі баратынын және тіпті құстың шикі етін тамаққа пайдаланғанын анықтады. Онымен қатынаста болғандардың барлығы дәрігерлік бақылауға алынды, әзірге олардан сырқат белгілері табылған жоқ.
Соңғы жаңалықтар