Шыңжаңда құс тұмауынан жабайы аққулар қырылып қалды

БЕЙЖІҢ. Синьхуа-ҚазАқпарат - Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде (ШҰАӨ) жабайы аққулар құс тұмауын жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Шыңжаңда құс тұмауынан жабайы аққулар қырылып қалды

ҚХР Жануарлар ауруларын бақылау орталығының мәліметінше, Құлжа ауданы аумағын мекендеген жабайы аққулардың 15-і H5N6 құс тұмауының жоғары патогенді вирусы салдарынан қырылған.

Жергілікті құзырлы органдардың айтуынша, ол аумақта жалпы саны 150-ге жуық жабайы аққу мекендейді. Құс тұмауы індеті анықталғаннан кейін, қырылған аққулар залалсыздандырылып, аумаққа дезинфекция жасалған.