Шыңжаңда күші 3,3 балл жер сілкінісі болды

БЕЙЖІҢ. 18 ақпан. ҚазАқпарат - ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі Қашғар округінде дүйсенбі күні таңертең Бейжің уақыты бойынша сағат 07:27-де тербелісі 3,3 жер сілкінісі болды, деп хабарлайжы қытайлық сейсмология орталығынан.
None
None

Жерасты дүмпулері ҚХР ШҰАӨ-дегі Қашғар округінің Пайзават уезінде, Қырғызстан мен Тәжікстан елдерімен шекарада, солтүстік ендіктің 39,4 градусы және шығыс бойлықтың 77 градус координаттарымен, 8 шақырым тереңдікте тіркелді.

Қаза тапқандар, зардап шеккендер және қиратулар туралы мәліметтер келіп түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар