14:49, 30 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Шыңжанда лаңкестік топ залалсыздандырылды
БЕЙЖІҢ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Сәрсенбі күні ҚХР-дың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінде екі азаматты кепілге алған лаңкестік топ залалсыздандырылды, деп хабарлады ШҰАӨ әкімшілігі.
Оқиға сенбі күні, 28 желтоқсанда Шыңжанның оңтүстік бөлігіндегі Хотан округінің Пишан уезінің таулы ауданында болды. Операция барысында қаскөйлер қарулы қарсылық көрсетіп, бір полиция қызметкерін өлтірді және екіншісін жаралады. Құқық қорғау органдары жеті лаңкестің көзін жойды, төртеуі жарақаттанды. Арнайы операция барысында кепілге алынғандар босатылды.