Шыңжаңда лаңкестікке қарсы ауқымды шаралар басталды (ФОТО)
СИАНЬ-ҮРІМЖІ. ҚазАқпарат - Жұма күні Қытайдың солтүстік батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономдық өлкесінің барлық аумағында лаңкестікке қарсы ауқымды шаралар басталды.
Науқан бір жылға созылып, 2015 жылғы маусымда аяқталады.
Бұл шешімді ҚХР орталық үкіметі жұма күні, 23 маусымда, Үрімжіде орын алған, салдарынан 39 адам қаза тауып, 94 адам жараланған жарылыстар сериясына байланысты қабылдады.
Жергілікті БАҚ хабарлағандай, кампания террорлық және діни экстремистермен күреске бағытталды, олар қарулар, діни әдебиеттерді іздеумен, тәркілеумен айналысады. Бүлікшілер лагерлерін жояды. Биліктің мәлімдемесі бойынша, Бейжің лаңкестік мен экстремизмнің Қытайдың ішкі аудандарында таралуына жол бермейді.
ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шенкунь жергілікті құқық қорғау органдарының және ТО жағдайында қауіпсіздік шаралары жүйесінің әзірлігін тексеру үшін Шыңжаңға инспекциялық сапарға барып қайтты.