15:48, 08 Наурыз 2013 | GMT +5
Шыңжаңда шабуыл салдарынан төрт адам қаза болып, сегізі пышақ жарақатын алды
БЕЙЖІҢ. 8 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше пышақпен қаруланған ер адам ҚРХ-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Корла қаласының орталығында жергілікті тұрғындарға шабуыл жасады.

Шабуыл салдарынан төрт адам қаза болып, сегізі түрлі дәрежеде жарақаттанды, деп хабарлады гонгонгтық БАҚ.
Корла қаласының полициясы тұрғындарға пышақ салған күдіктіні ұстады. SCMP хабарлағандай, ШҰАӨ басқармасының хатшысы Хоу Ханьминь оқиғаның орын алғанын, сондай-ақ қаза болғандар мен «пышақ» шабуылынан зардап шеккен адамдардың санын растады. Алайда ол құрбандар мен күдіктінің жеке тұлғасы жөнінде қосымша ақпарат берген жоқ.