Шынжаңда таэквондодан әлем чемпионаты аяқталды
ҮРІМЖІ. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат /Ризабек Нүсіпбекұлы/ - Кеше Үрімжіде Шынжаңда өткен таэквондодан әлем чемпионаты сәтті аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыс натижесі бойынша әйелдер арасынан Оңтүстік Корея командасы бас жүлдегер атанса, Қытайдың әйелдер командасы екінші орынға ие болды. Түркия және Тайланд әйелдер командасы үшінші орынды місе тұтты. Ерлер арасынан алтын медальды Иран командасы қанжығасына байлады. Сондай-ақ, Испания командасы екінші орынға табан тіресе, Түркия мен Оңтүстік Корея командасы үшінші орынды қанағат тұтты.