Шыңжанда тербелісі 5,6 балл жер сілкінісі болды

БЕЙЖІҢ. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Жұма күні, бейжің уақытымен 13:01-де Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінде тербелісі 5,6 балл болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлады Қытайдың сейсмологиялық орталығы.
None
None

Жерасты дүмпулері Үрімші қаласынан 78 шақырым жерде тіркелді. Жер сілкінісінің кіндігі 43.4 градус солтүстік ендігінде және 86,8 градус шығыс бойлықтағы координаттарда, 13 шақырым тереңдікте болды.

Қытай БАҚ-тары хабарлағандай, күшті дүмпулер Үрімшіде, сондай-ақ Чанцзи, Курля, Қарамай, Тұрфан және Тунькуй қалаларында сезілді.

Құрбан болғандар мен жарақаттанғандар, қиратулар туралы мәліметтер түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар