Шыңжаңда жер сілкінді

БЕЙЖІҢ. 25 шілде. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі Алтай округінің Циньхе уезінде 5,2 балдық жер сілкінісі болды,

Шыңжаңда     жер сілкінді

деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 3.05-те тіркелді. Зілзала кіндігі 46,0 градус солтүстік ендікте, 90.4 градус шығыс бойлықта болды. Құрбан болғандар мен қираулар туралы әзірге ақпарат жоқ.

Циньхэ уезі қытай-моңғол шекарасына жақын жерде орналасқан.