Шынжаңдағы Хотан округінде құс тұмауының ошағы ауыздықталды

БЕЙЖІҢ. Ақпанны 13-і. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Қытайдың Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Шынжаң-ұйғыр автономиялық өлкесінің үкіметі Шынжаңның Хотан округіндегі Қарақас уезінде тіркелген құс тұмауы ошағына байланысты қабылданған карантиндік шаралар туралы есеп берді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өткен аптада жергілікті құс фермасында 519 бас үй құсы қырылып қалып, осыған байланысты ауданға министрлік пен автономиялық үкіметтің мамандары жіберілген болатын. Құс тұмауын диагностикалау жөніндегі мемлекеттік зертхана ақпанның 10-ында құстардың қанынан жоғары патогенді H5N1 вирусының табылып отырғанын қуаттады. Құс тұмауының ошағын ауыздықтау мақсатында маңайдағы 3 шақырым радиустағы 13 мыңнан астам үй құсының көзі жойылды, 13 шақырым радиуста құс сатуға тыйым салынды, ауру құстармен жұмыс істеген адамдардың барлығы медициналық бақылауға алынды.
Соңғы жаңалықтар