Шынжаңдағы Құлжа қаласында банк тонау әрекеті орын алған

БЕЙЖІҢ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Іле-Қазақ автономиялық округіндегі Инин (Құлжа) қаласында банк тонау әрекетінің алды алынды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Округтің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының мәліметі бойынша, полицияға Қытайдың Сауда-өнеркәсіптік банкінің округтік филиалына шабуыл жасағалы жатқандығы туралы дабыл түседі. Полиция нарядының оқиға орнына дер кезінде келіп, кеңсе ғимаратының барлық шығаберістерін жауып тастауы пышақпен қаруланған қылмыскерді жедел ұстауға мүмкіндік берген. Істің мән-жайын тексеру жалғасуда.
Соңғы жаңалықтар