Шынжаңдағы мешіттер Қытай мемлекетінің қамқорлығына алына бастады

АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Ризабек Нүсіпбекұлы/- Шынжаңдағы мешіттер Қытай мемлекетінің қамқорлығына алына бастады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Щинхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Шынжаңның Қашқар қаласындағы 300 жылдан бері боран мен жауын-шашынның сынағынан өткен Жұпархан мешіті Қытай мемлекетінң ежелгі құрылыстарды қорғау нысандарына енгізіліп, қамқорлыққа алынды.

Жақында мемлекеттен арнайы қаржы бөлініп, Мешіттің құлауға айналған сыртқы залы, медіресесінің бөлмелері жөндеуден өткізілетін болды. Сонымен бірге, Шынжаңдағы ең үлкен мешіт - Қашқар Айткар мешіті де осы реткі бөлінген қаражаттан жөнделмек.

Бұл - Қытайдың оңтүстік Шынжаңдағы мәдени мұраларды қорғау нысандарының тұңғыш рет жоғары деңгейде жөндеуден өткізілуі.

Шынжаңда ежелгі мәдени мұралар баршылық. 2009 жылдың соңына дейін 9070 басқа жерге көшіруге болмайтын мәдени мұра анықталып, есепке алынған.

Соңғы жаңалықтар