Шыңжаңдағы жер сілкінісінің салдарынан 23 мыңдай адам зардап шекті

БЕЙЖІҢ. 26 шілде. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Шыңжаңда кеше болған жер сілкінісінің салдарынан 23 мыңдай адам зардап шегіп отыр, 461 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Шыңжаңдағы   жер сілкінісінің салдарынан  23 мыңдай адам зардап шекті

Қаза болғандар мен жараланғандар туралы әзірге ақпарат түскен жоқ, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбіге қараған түні Шыңжаңның Алтай округіндегі Циньхэ уезінде 5,2 балдық жер сілкінісі болған еді. Зілзала ошағы қытай-моңғол шекарасына жақын маңда орналасқан Циньхэ уезінің әкімшілік орталығынан 74 шақырымдай жерде болған.

Қытай өкіметі Алтай өлкесінде азаматтық қорғаныс, сейсмология, полиция және медицина қызметтерінің жұмысын ұйымдастырып, өңірдегі сейсмологиялық ахуалды қадағалап отыр.