Шынжаңның 3-ші кезекті ақындар айтысы Үрімжі қаласында өтпек
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат / Бақытжол Кәкеш/ - Шынжаңның 3-ші кезекті ақындар айтысы маусымның 16-18- күндері Үрімжі қаласында өтетін болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Шынжаң өлкелік ақпарат кеңсесінің «Тәңір тау» сайтына сілтеме жасап.
Қытайдағы қазақтар тұратын облыс, аймақ, аудандарда түрлі дәрежедегі ақындар айтысын әр жыл сайын өткізіп отыру дәстүрге айналған. Ал мемлекеттік дәрежедегі 5 жылда бір рет өтетін бұл жолғы аламан айтысқа Шынжаңның әр түкпіріндегі қазақтар қоныстанған облыс, аймақтар және Гансу өлкесінің Ақсай қазақ автономиялы ауданының ақындары қатысады. Айтыс аламанында әр жерден сараланып жіберілген 48 ақын бақ сынамақ. Сонымен бірге осы кезекті ақындар айтысына орайластырып, «Айтыс зерттеу мемлекеттік ғылыми талқы жиынын» өткізу де жоспарға енгізілген.