Шынжаңның Алтай аймағының Көктоғай ауданында ақындар айтысы өткізілді

ҮРІМЖІ. Шілденің 24-і. ҚазАқпарат /Ризабек Нүсіпбекұлы/ - Шынжаңның Көктоғай ауданында, Ертіс өзенінің бастау алған жерінде, Алтай тауының қойнауындағы жайлауда ақындар айтысы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шынжаңның  Алтай аймағының Көктоғай ауданында ақындар айтысы өткізілді

Сондағы тұрғылықты жұртпен бірге, алыс-жақыннан келген қадірлі қонақтар сахарадағы сән-салтанаты жарасқан осы бір айрықша өнер бәсекесін қызыға тамашалады. Айтыс ـــ ұлттық мәдениетіміздің мәйегі, халқ арасында ұзақ уақыттар сақталып келген өнер жауһары. Ақындар айтысының Қытай қазақтары арасында да сол маңызын жоғалтпай ұрпақ сабақтастығын сақтап, бүгін де өз дәрежесінде дәріптеліп отырғаны мәлім.

2006 жылы мамырда, Қытай мемлекеттік кеңесінің шешімімен ақындар айтысы бірінші топтағы қорғалатын мемлекеттік мәдени мұралар тізіліміне енгізілген болатын.