Шынжаңның Баркөл ауданында киіз үй тігуден жарыс өтті

АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат /Бақытжол Кәкеш/ - Қазақ ұлтының киіз үй мәдениетін насихаттау, ұрпақ санасында жаңғырту мақсатында Шынжаңның Баркөл ауданында алғаш рет киіз үй тігуден жарыс өтті, деп хабарлайды Қытайдың «Синьхуа» агенттігі.

Шынжаңның Баркөл ауданында киіз үй тігуден жарыс өтті

Санжы облысының Баркөл қазақ автономиялы ауданында өткен бұрын-соңды болмаған бұл жарыстың көпшілік жұртты елең еткізгені анық. Осы бір өзгеше жарыс барысы бұрындары көшпелі халық өмірінде орны айрықша бағаланатын киіз үйдің өзіндік танымдық сыр-сипатын ұғынудың тамаша орайлы сәтіне айналғандай.

Қазақ халқы киіз үйдің жылдам жиылып-тігілетін, пайдалануға төзімді, беріктігін және суықтан, жаңбырдан, зілзаладан қорғануға болатын ерекше қасиеттерін ертеден ұғына отырып, өз қажетіне кеңінен пайдаланған.