ШЫҰ арнайы қызметі Ислам мемлекетіне қарсы қызметті жандандыруда
АСТАНА. ҚазАқпарат - ШЫҰ арнайы қызметі «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы бірлескен жұмыс бойынша қызметті жандандырады, деп мәлімдеді жұма күні Ресей ФҚҚ директорының бірінші орынбасары генерал Сергей Смирнов, деп хабарлады РИА Новости.
«Бұл жұмыстың жүргізіліп жатқанына көп болды... ШЫҰ барлық елдері бұл қауіпті түсінеді және біз «Ислам мемлекетінің іс-қимылына қарсы тұру» саласындағы Аймақтық лаңкестікке қарсы күрес құрылымы (АЛҚҚ) қызметін жандандыру бойынша шараларды пысықтаймыз», - деп мәлімдеді Ташкентте өткен ШЫҰ АЛҚҚ Кеңесінің 27-ші отырысында Смирнов.