ШЫҰ Астана саммитінен кейін жаңа сапаға көтеріледі - Бас xатшы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанxай Ынтымақтастық Ұйымы Астана саммитінен кейін жаңа сапаға көтеріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ШЫҰ бас xатшысы Рашид Алимов мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
«ШЫҰ даму әлеуеттеріне келетін болсақ, бұл сұраққа 9 маусым күні болатын кезекті саммитте ұйымға мүше мемлекеттердің көшбасшылары жауап береді. Өздерінің декларациясында, баяндамаларында ұйымның жаңа даму бағыттарын айқындайтын болады. Қазір құжаттардың барлық пакеті дайындалды, әрине Астана саммитінен соң, ШЫҰ жаңа сапаға көтеріледі. Оған ешкімнің де таласы жоқ», - деді Рашид Алимов тілшінің сауалына.
Ол сонымен қатар ұйымды ұлғайту мәселесіне де тоқталды.
«Ұйым қатарын толықтыруға келетін болсақ, ол да 9 маусымда Үндістан мен Пәкістанды біздің ұйымның толыққанды мүшесі етіп қабылдау туралы шешім жасалғанда белгілі болады», - деп атап өтті ол.
Айта кетейік, 9 маусым күні ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында Астанада ШЫҰ саммиті өтеді деп жоспарланған.