ШЫҰ аясында ынтымақтастықтың экономикалық векторы белсенді дамуда - Ерболат Досаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - ШЫҰ мемлекеттерінің экономика министрлері көтерген өзекті мәселелер үкімет басшыларының қарауына ұсынылады. Бұл туралы бүгін Астанада сыртқы экономикалық және сауда мәселелеріне жауап беретін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер министрлері кеңесінде ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

ШЫҰ аясында ынтымақтастықтың экономикалық векторы белсенді дамуда - Ерболат Досаев

«12 жылда Шанхай ынтымақтастық ұйымы ықпалды халықаралық институтқа айналды. Бүгінде ШЫҰ өңірде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, жалпы қатерлерге іс-қимыл жасауда, сондай-ақ әлемге және қауіпсіздікке қауіп тудыратын ахуалдарды реттеуде бірлескен қадамдарды әзірлеуде пәрменді тетік болып табылады. Сонымен қатар ШЫҰ аясында ынтымақтастықтың экономикалық векторы белсенді дамуда», - деді министр.

Е. Досаев өз сөзінде бүгінгі кездесу Астанада 14-15 желтоқсанға жоспарланған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкімет басшылары кеңесі отырысы қарсаңында өтіп жатқандығын айта келе: «Бүгінгі Министрлер кеңесінің қорытындысы ұйым аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылау кезінде біздің елдердің үкімет басшыларына ұсынылатын болады»,-деді.

Айта кетейік, отырыс барысында ШЫҰ аясында түрлі бағыттардағы өзара іс-қимылдың әлеуетін бұдан ары қарай нығайтудың ұсыныстары қаралатын болады.