ШЫҰ бақылаушылары Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Р.Қазақбаевпен кездесті
БІШКЕК. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Бүгін Қырғызстанның жаңа конституциясын қабылдауға референдум өткізуді дайындау және өткізуге мониторинг жасаумен айналысатын Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық бақылаушылар миссиясының өкілдері ел сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевпен кездесті, деп хабарлайды Қырғыз Республикасының СІМ баспасөз қызметі.
Халықаралық бақылаушылар миссиясын бастап келген ШЫҰ бас хатшысының орынбасары Хун Цзюинь референдумның тыныш, ашық әрі жақсы ұйымдастырылғанын айтып өтті.
Миссия басшысының ақпараты бойынша, ШЫҰ бақылаушылары Бішкек, Канте, Қарабалта, Тоқмақ және Шу облысының елді мекендерінде орналасқан жалпы саны 47 учаскеде болып қайтты.
Өз кезегінде, Р.Қазақбаев жасалған жұмыстар үшін ШЫҰ халықаралық бақылаушылары миссиясына және қырғыз жағына өз көмегі мен қолдауын көрсетіп отырған қатысушы мемлекеттерге өз алғысын жеткізді.