ШЫҰ бақылаушыларының миссиясы Қырғызстан президенті сайлауының демократиялылығын және заңдылығын атап өтті

БІШКЕК. Шілденің 24-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қырғызстанда болып өткен президенттік сайлаудың қорытындыларын шығару жалғастырылуда. Сайлауға бақылаудың және мониторингтеудің қорытындылары бойынша саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, республикада қысқа және ұзақ мерзімді негізде жұмыс істейтін халықаралық институттар мен ұйымдар өз бағаларын беруде.

ШЫҰ бақылаушыларының миссиясы Қырғызстан президенті сайлауының демократиялылығын және заңдылығын атап өтті

Бішкекте шілденің 24-інде болған баспасөз мәслихатының барысында болып өткен сайлауға өз бағасын Орталық сайлау комитетінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері енген Шанхай ынтымақтастығы ұйымының миссиясы да берді.

Миссия сайлаудың демократиялық жағдайда өткенін және жалпы алғанда Қырғыз Республикасы ұлттық заңнамасының және оның қабылдаған халықаралық міндеттемелерінің талаптарына сай өткенін атап өтті.