ШЫҰ Бас хатшысы: Үрімшідегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылардың іс-қимылдары сөзсіз айыптауға жатады
БЕЙЖІҢ. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат - Үрімшідегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар аймақтағы халықтың тыныштығын бұзуға, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі тұрғындарының арасында ұлысаралық және дінаралық алауыздық отын тұтатуға әрекеттенген. Мұны бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Болат Нұрғалиев Синьхуа агенттігіне жазбаша берген сұхбатында айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Ол Үрімшідегі орын алған тәртіпсіздіктер ШҰАӨ-дегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа айтарлықтай нұқсан келтіргенін көрсетті.
ШЫҰ Бас хатшысының 2009 жылғы шілденің 10-ындағы мәлімдемесінде ШЫҰ мүше-мемлекеттері қаладағы қалыпты өмірдің орнауын және көшелерде тәртіп пен тыныштықтың тезірек қалпына келуін қолдайтыны атап айтылған.