ШЫҰ экономикалық форумы 20 қазанда Бейжіңде өтеді
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдағы Қазақстан Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Коммерциялық министрлігі жанындағы Қытай халықаралық сауда және экономикалық ынтымақтастық академиясының директоры Гу Сюеминмен ағымдағы жылы 20 қазанда ШЫҰ экономикалық форумын өткізуге дайындық мәселелерін талқылады.
Шара ҚХР Коммерциялық министрлігі жанындағы Қытай халықаралық сауда және экономикалық ынтымақтастық академиясы базасында өтеді. Оған қытайлық бизнес өкілдері, сонымен қатар экономика саласына маманданған ШЫҰ мүше-елдердің ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері қатысады.
ШЫҰ экономикалық форумы ұйымға Қазақстанның төрағалық етуі мерзімінде ҚХР-дағы ҚР Елшілігі мен ШЫҰ Хатшылығы 2016 жылы 4 тамызда қол қойған бірлескен шаралар жобасында қарастырылған.
Еске сала кетейік, 24 маусымнан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2017 жылы 8-9 маусымда Астанада өткізілуі жоспарланған келесі саммитіне дейін Қазақстан Республикасы ШЫҰ-на төрағалық етеді.