15:15, 19 Қараша 2022 | GMT +5
ШЫҰ елдері «Әділетті Қазақстан» құру процестерін мұқият бақылап отыр – бас хатшы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді кезектен тыс президент сайлауында ШЫҰ байқаушыларының миссиясын басқаратын Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Чжан Минмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР СІМ мәліметінше, Чжан Мин ШЫҰ елдері әлеуметтік-саяси трансформацияның, сондай-ақ «Әділетті Қазақстан» құрудың белсенді процестерін мұқият бақылап отырғанын атап өтті.
М.Тілеуберді ШЫҰ қызметінің түрлі аспектілері бойынша Қазақстанның ұстанымы және 2023-2024 жылдары ҚР-дың ШЫҰ-ға төрағалық етуге дайындық барысы туралы хабардар етті.
Фото: gov.kz