ШЫҰ елдері әскери сарапшылары келіссөздерінің үшінші кезеңі басталды

АЛМАТЫ.  Қарашаның  17-сі.  ҚазАқпарат -   2010 жылы Қазақстан  аумағында  өтетін  «Бейбіт  миссия»  лаңкестікке  қарсы   жаттығуын талқылау  жөніндегі  Шанхай ынтымақтастығы ұйымы  елдері әскери сарапшыларының   штабтық    келіссөздерінің   кезекті   раунды  бүгін      Қазақстанда басталды,  деп хабарлады       қорғаныс  ведомствосының баспасөз қызметінен.

ШЫҰ елдері  әскери  сарапшылары келіссөздерінің    үшінші кезеңі  басталды

Қазақстан,  Қытай, Ресей, Тәжікстан және  Қырғызстан әскери өкілдерінің   келіссөзі     жаттығу  өтетін  ауданға -  Жамбыл облысындағы  Мәтібұлақ полигонына сапардан   басталды.     Жаттығу  жетекшісі,   Қазақстан  Қарулы Күштері  Құрғақтағы  әскерінің   қолбасшысы  генерал-лейтенант   Сәкен  Жасұзақов    өз әріптестерімен    алдағы бірлескен жаттығудың    мәселелерін   дала   жағдайында   талқылайды.

ШЫҰ  елдерінің әскери сарапшылары Алматыда осымен үшінші рет  бас қосып  отыр.