ШЫҰ елдері қарулы күштерінің «Бейбіт миссиясы» аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Челябі облысының Шұбаркөл полигонында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің «Бейбіт миссия - 2018» терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығулары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШЫҰ елдері қарулы күштерінің «Бейбіт миссиясы» аяқталды

Оқу-жаттығулардың белсенді фазасына Қорғаныс министрі, ҚР Қарулы Күштері Бас штабының басшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев қатысты.  

Әскери қызметшілер лаңкестер билікті немесе ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бірінің аумағын басып алған жағдайда қарулы күштердің бірлескен әрекеттерін іс жүзінде пысықтады.

Бұған дейін хабарланғандай, оқу-жаттығуларға ШЫҰ елдері қарулы күштерінің 3 мыңнан аса әскери қызметшісі және 500-ден астам әскери техникасы қатысты.