ШЫҰ елдері туризмді дамытудың ортақ бағдарламасын қабылдамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымының елдері маусымда Ташкентте өтетін ұйымның саммитінде туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту бағдарламасын қабылдауды жоспарлады, деп хабарлады РИА Новости.

ШЫҰ елдері туризмді дамытудың ортақ бағдарламасын қабылдамақ

Өзбекстан СІМ деректеріне сәйкес, 15-17 наурызда Бейжіңде туризм саласындағы өзара іс-әрекет мәселелері бойынша ШЫҰ мемлекеттері сарапшыларының кездесуі өтті.

«ШЫҰ-ның Ташкентте өтетін саммитінің нәтижесі бойынша жоспарланған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің туризм саласындағы ынтымақтастығын дамыту бойынша бағдарлама жобасы талқыланды», - делінген хабарламада.
ШЫҰ-ға Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан кіреді. Бақылаушы мәртебесіне Беларусь, Моңғолия, Үндістан, Иран, Пәкістан, Ауғанстан ие. 2015 жылғы шілдеде ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістанды қабылдау рәсімі іске қосылған. Уфада ШЫҰ саммитінде ұйымға төрағалық ету Ресейден Өзбекстанға өткен. ШЫҰ саммиті 2016 жылы 23-24 маусымда Ташкентте өтеді.