ШЫҰ елдерінің СІМ басшылары Ташкентте ұйымға жаңа мүшелерді қабылдау мәселелерін талқылайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің 23-24 мамырда өтуі жоспарланып отырған Ташкенттегі отырыста Үндістан мен Пәкістанды ұйым мүшелігіне қабылдау мәселелерін талқылайды.

 ШЫҰ елдерінің СІМ басшылары Ташкентте ұйымға жаңа мүшелерді қабылдау мәселелерін талқылайды

Бұл туралы сенбі күні РФ СІМ сайтында жарияланған хабарламада айтылды, деп жазды ТАСС.

Министрлер барлығы 14 құжат пен шешімнің жобасын қарастырады. Оларды 2016 жылы маусымда Ташкентте болатын ШЫҰ мүше мемлекеттері Кеңесінің отырысына шығармақ.

Ағымдағы жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына Өзбекстан төрағалық етуде. ШЫҰ саммиті 23-24 маусымда Ташкентте өтеді.