ШЫҰ-ға 15 жыл

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына 15 жыл толды, деп жазады шетелдік БАҚ.

ШЫҰ-ға  15 жыл

2001 жылы маусымда Шанхайда Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан басшыларының қатысуымен тарихи кездесу өтті. Бүгінде ШЫҰ әлемдегі ең ауқымды халықаралық ұйым болып табылады. ШЫҰ-ға қатысушы елдер Еуразияның 60 пайыз аумағын алып жатыр. Онда Жердің жартысына жуық халқы тұрады.

Он бес жылдықтың қарсаңында Шанхай ұйымына 5 жаңа мемлекет қосылуы мүмкін, қандай ел екені әзірге белгісіз.

ШЫҰ тарихы Қытай ТМД-ға мүше Ресей, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстанмен шекара мәселелерін шешкен кезде, 1996 жылы басталды. 2001 жылы оған Өзбекстан қосылды.

Түркістан облысында нөсер салдарынан көпірлерді су шайып, 81 адам эвакуацияланды
Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында нөсер салдарынан көпірлерді су шайып, 81 адам эвакуацияланды