ШЫҰ-ға мүше елдер Интернет желілерін басқару саласындағы ынтымақтастықты ұлғайтуға ниетті

«Мүше-мемлекеттер халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісімді жүзеге асыру бойынша практикалық ынтымақтастықты мұнан әрі де тереңдете беретін болады», - делінген декларацияда.
Сондай-ақ аталған құжатта мүше елдердің Интернет желілерін басқару саласындағы ынтымақтастықты ұлғайтуға ниетті екендігі және барлығы да бұл желілерді басқаруға, әсіресе өзінің ұлттық сегментінде Интернетті басқаруға арналған тәуелсіз құқығын қамтамасыз етуге тең құқылы екендіктері айтылған.
«Мүше-мемлекеттер әлемдік қоғамдастықты ынтымақтастық, мемлекеттік егемендікке құрмет және басқа елдердің ішкі ісіне араласпау ұстанымдарына негізделген бейбіт, қауіпсіз, әділ және ашық ақпарат кеңістігін құруға шақырады», - делінген құжатта.