ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Мәскеудегі лаңкестік әрекетті айыптауда
БЕЙЖІҢ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат / Руслан Сүлейменов/ - Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мәскеудегі Домодедово халықаралық әуежайында болған лаңкестік әрекетті аса терең күйзеліспен қабылдады.
"Шанхай ынтымақтастық ұйымы ешқандай ақтауы жоқ және ақтауға болмайтын осы бір қатегіз қылмысты батыл айыптауда", - делінген Ұйымның бас хатшысы М.Иманәлиевтің мәлімдемесінде.
«Қайтыс болғандардың және жарақат алғандардың жанұялары мен олардың жақындарына, Ресей Федерациясының халқы мен басшылығына қайғырып, көңіл айтамыз. Лаңкестіктің барлық формалары мен жасалу жолдарына қарсы күресті бірінші орынға қоя отырып, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер аумақтың қауіпсіздігі пен тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимылдарын нығайтып, оны кеңейтеді», - делінген мәлімдедемеде.