«ШЫҰ кубогы» финалында Қазақстан футболшылары Ресейге есе жіберді
АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Кеше елордадағы «Астана-Арена» стадионында Шанхай ынтымақтастық ұйымының 10 жылдық мерейтойына арналған 18 жасқа дейінгі жастар арасында футболдан халықаралық турнирдің ақтық ойыны өтті.
Финалда Қазақстанның жастар құрамасы ресейлік құрбыларымен ойнап, 1:4 есебімен есе жіберді. Үшінші орынға Қытай Халық Республикасының командасы ие болды.
Турнирге Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Қазақстанның 2 командасы қатысты.