ШЫҰ Қытайдың Куньмин қаласында болған лаңкестікті айыптады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Куньмин қаласында болған лаңкестік актісі жайлы хабарды күңірене қабылдап, оны сенімді түрде айыптады. Мұндай мәлімдемені ШЫҰ-ның бас хатшысы Дмитрий Мезенцев жасады.

ШЫҰ Қытайдың Куньмин қаласында болған лаңкестікті айыптады

«Бейбіт азаматтарға қарсы кез келген лаңкестік пен күш көрсету ақтала алмайды. ШЫҰ қаза болған адамдардың отбасылары мен жақын туыстарына, зардап шеккендерге, Қытай Халық Республикасының халқы мен басшылығына көңіл айтты», - делінген құжатта.

«Аталған террорлық акт лаңкестік пен экстрмизмге қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты одан ары дамыту қажеттігін көрсетті», - деп жазылған мәлімдемеде. Куньмин темір жол вокзалына қаруланған топтың басып алуынан 29 адам қаза тауып, 130-дан астамы жарақаттанды. Лаңкестік әрекетті Абдухерім Құрбанов бастаған сегіз адамнан тұратын топ жасаған.

Бейжің бейбіт тұрғындарға қаруланған шабуылды Қытайдың Шыңжаңының сепаратистерінің күшімен жасалған «лаңкестік әрекет» деп атады. Сондай-ақ ҚХР СІМ болған жағдайға Қытайда тыйым салынған «Шығыс Түркістанның Ислам қозғалысынан» күдіктенетінін мәлімдеді.