12:49, 27 Тамыз 2015 | GMT +5
ШЫҰ қызметінің басымдығы «үш зұлымдықпен» күрес бола бермек
АСТАНА. ҚазАқпарат - ШЫҰ қызметінің басымдығы «үш зұлымдықпен» күрес болып қала бермек. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен ШЫҰ-ына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 13-ші отырысының қорытындысына арналған брифингте ШЫҰ Бас хатшысы Дмитрий Мезенцев мәлім етті.

«Біз маңызды міндеттердің бірі ретінде алдымызға Мемлекет басшылары жүктеген ережелерді жүзеге асыруды қоямыз. Бұл ең алдымен ШЫҰ аясындағы көпжақты өзара іс-қимылды нығайту. Өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, трансшекралық ұйымдасқан қылмыс, есірткінің заңсыз айналымы және заңсыз көші-қон сынды «үш зұлымдықпен» күресті қамтамасыз ету басымдық болып қала бермек», - деді ол.
Оның атап өтуінше, бүгінгі жиын барысында талқыланған аталған мәселелер көпжақты өзара іс-қимылдың нығая түсіуіне өз үлесін қосатын болады. Сондай-ақ Бас хатшы ШЫҰ хатшылығы ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп, 13-ші отырыс барысында айтылған ұсыныстар жан-жақты байытыла түсетіндігін атап өтті.