ШЫҰ мемлекеттерінің әскери қызметшілері «Бейбіт миссия» жаттығуы өткізілетін орындарға баруда
АСТАНА. ҚазАқпарат - ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің «Бейбіт миссия» бірлескен лаңкестікке қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындалу шеңберінде Қытай ұлт-азаттық әскерінің бөлімшелері ҚР аумағы арқылы теміржол эшелонымен Ресей Федерациясы, Челябі облысының Шұбаркөл полигонына баратын болады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Жүру бағыты Достық-Ақтоғай-Аягөз-Ауыл-Локоть маршруты, әрі қарай Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтеді. ҚХР-дың эшелондарына Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қарауылы еріп жүреді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «Бейбіт миссия» оқу-жаттығуына ШЫҰ Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері қарулы күштерінің 3 мыңнан аса әскери қызметшісі және 500-ден аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника тартылды. Оқу-жаттығуда лаңкестердің билікті немесе мемлекеттердің бірінің аумақ бөлігін басып алуы жағдайында қатысушы елдер қарулы күштерінің бірлескен іс-қимылдарын пысықтау қарастырылған. ҚР Қарулы Күштерінің эшелондарын 18 тамызда оқу-жаттығудың өткізілу орнына жіберу жоспарлануда.