ШЫҰ-ның марафоны қашан өтетіні белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы Шанхай ынтымақтастық ұйымының марафоны қай күні өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қытай жеңіл атлетика қауымдастығы таратқан мәліметтерге сүйенсек, биылғы марафон желтоқсанның 31-і күні Қытайдың оңстүстігіндегі Юньнань провинциясының Куньмин қаласында өтпек. Бұл айтулы дода Юньнань провинциясында осымен екінші мәрте ұйымдастырылмақшы.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының марафонына өткен жылы әлемнің 23 елінен 16 мың спортшы қатысты. Соның ішінде әйелдер арасында 21 шақырымдық қашықтыққа жүгіруден отандасымыз Гүлжанат Жанатбек бірінші орынды жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жазда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі ШЫҰ күндерінің аясында бұл марафонды Астана қаласы қабылдап алған болатын. Бұқаралық сипаттағы шарада 32 елдің 6 мың спортшысы мен әуесқойлары сынға түскен еді.

Соңғы жаңалықтар