ШЫҰ-ның жаңа мүшелері әскери оқу-жаттығуларға қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттама 2019 жылғы 29 сәуірде Бішкекте жасалды.

«Хаттаманың мақсаты – ұйым аясында әскери оқу-жаттығуларды өткізу үшін құқықтық негіз болатын келесімге ШЫҰ –ға енген кез келген мемлекеттің қосылуын қатамасыз ету. 2017 жылғы маусымда елордада ШЫҰ саммитінде ұйымның өңірлік әрі халықаралық аренада рөлін айтарлықтай нығайтқан ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістаннің қосылуы туралы тарихи шешім қабылданған болатын. Осыған байланысты келісімге толықтыру енгізу қажеттігі туындады», - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев.

Оның сөзіне қарағанда, бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу, қарулы күштердің кәсіби дағдылары мен жауынгерлік дайындығын арттыруға және олардың арасында өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтауға ықпал етеді.

«Хаттаманы ратификациялау ШЫҰ –ға мүше мемлекеттердің қарулы күштері арасында әрі ақарай өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға қызмет ететініне және ұйымның жаңа мүше мемлекеттерінің оқу-жаттығуларға келесі жылы толық құқылы қатысушылары болуына мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деді Т. Дәндібаев.



Соңғы жаңалықтар