ШЫҰ өкілі Қазақстанның билік өкілдерімен лаңкестікпен күрес мәселелерін талқылайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ШЫҰ аймақтық терроризмге қарсы құрылымы атқарушы комитетінің директоры Жумахон Гиёсов Астанаға сапармен келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"5-6 ақпанда ШЫҰ аймақтық терроризмге қарсы құрылымы атқарушы комитетінің жаңадан тағайындалған директоры Жумахон Гиёсовтің Астанаға сапары өтеді. Сапар барысында оның еліміздің бірқатар мемлекеттік органының, оның ішінде Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен кездесуі жоспарланған", - деді А.Смадияров.

Ресми өкіл дерегінше, кездесулер аясында тараптар терроризм, экстремизм, сепаратизмге қарсы тұру, маңызды нысандардың қауіпсіздігін қамтасыз ету және ШЫҰ Ауғанстан тобы арқылы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылайды.

Соңғы жаңалықтар