ШЫҰ өз жұмысының 10 жылдығындағы негізгі құжаттарының жинағы және «Қазақстан: ел мен жер» фотоальбомының тұсаукесеріне шақырады

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат. 13 маусымда Астанада «Шанхай ынтымақтастық ұйымы - қауіпсіздік пен ынтымақтастық жолындағы 10 жыл. ШЫҰ-ның негізгі құжаттары» және «Қазақстан: ел мен жер» фотоальбомының тұсаукесер рәсімін өткізеді,

ШЫҰ өз жұмысының   10 жылдығындағы негізгі құжаттарының жинағы және «Қазақстан: ел мен жер» фотоальбомының тұсаукесеріне  шақырады

деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Аталған басылым жинақтары ШЫҰ құрылған күнінен бастап 10 жылдық мерейтойына, сондай ақ 2010-2011жылдардағы Ұйымға қазақстандық төрағалыққа байланысты орайластырылған.

ШЫҰ-ның негізгі құжаттарының жинақтары оқырмандарға Ұйымның он жыл қызмет атқару кезінде қабылданған негізін қалаушы нормативті - құқықтық құжаттарды таныстырады.

Қазақша, орысша, ағылшын және қытай тіліндегі көркем фотоальбомға Қазақстандағы көп ұлтты елдің өмірі, сыртқы саяси қызметі, табиғаттың және мәдениеттің бай, қайталанбас бірегей суреттері енген.