ШЫҰ Сауда-экономикалық бағдарламасын іске асыру жоспарын жаңартады - Д.Мезенцев
«Қытайда желтоқсан ортасында премьер-министрлердің (ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесі) жыл сайынғы кездесуі өтеді, бұл ағымдағы жылда ШЫҰ күнтізбе-жоспары аясында оқиғаның мәні бойынша екінші. Дәстүрлі түрде кездесу шағын және кеңейтілген құрамда өтеді, оған Беларусь премьері алғаш рет қатысады», - деді ол ШЫҰ баспасөз-клубының отырысында.
ШЫҰ бас хатшысының айтуынша, алда өтетін қаржы министрлері мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер орталық банктері өкілдерінің кездесуінде инфрақұрылымдық және жобалау қызметін қаржылай сүйемелдеуді қамтамасыз ету бойынша белгілі бір ұсынымдар беріледі.
Ол сондай-ақ ШЫҰ хатшысы ЭСКАТО, Есірткі және қылмыскерлік басқармасы (UNODC) және БҰҰ басқа да құрылымдарымен ынтымақтастықты дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.
«Жыл соңына дейін Бангкокта БҰҰ ЭСКАТО штаб-пәтерінде өзара іс-қимыл туралы жаңа меморандумға қол қоюды жоспарлап отырмыз. ШЫҰ мүше мемлекеттердің премьер-министрлерімен кездесуде, оның ішінде «6+6» форматы аясында мұндай кездесуге бұрын шақырылмаған БҰҰ бірқатар комиссия өкілдері қатысады деп күтудеміз»,- деді Д. Мезенцев.